19.04.2021, 11:20
Оқылды: 47

Бірлескен бес ота жасалды

18 сәуір күні Казталов аудандық ауруханасында аудан халқына, нақтырақ айтқанда өт-тас ауруымен есепте тұратын жандарға жедел көмек көрсету мақсатында Орал қалалық көпбейінді ауруханасының мамандары дәрігер-хирург және дәрігер-анестезиологпен келісім бойынша бірлескен бес ота жасалды.

2E45D395-6EBC-4679-9A11-5327FE81847C

Қалалық мамандардың көмегімен үш өт-тас ауруына, бір оң жақ шапаралық ісігіне және жоспардан тыс жедел көмек көрсету мақсатында соқыр ішек ауруымен түскен науқасқа оталар жасалды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы жақсы. Барлығы да палатаға жатқызылды. Казталов аудандық ауруханасының директоры м.у.а. Зинұр Сәткеш мұндай бірлескен оталар алдағы уақытта да жалғасын табатындығын жеткізді.

-Бірлескен отаның мақсаты - халыққа қалаға бармай-ақ ауданымызда ота жасалуына мүмкіндік жасау. Алдағы уақытта халықтың әл-ауқаты мен денсаулығын жақсарту үшін осындай бірлескен оталар жасалатын болады. Казталов аудандық ауруханасында наурыз-сәуір айының өзінде шағын операцияларды есептемегенде 12 ірі ота жасалды. Бұл алдыңғы жылдардағы көрсеткішпен салыстырғанда жылына жасалатын оталар санымен тең. Алдағы уақытта мұндай көрсеткіштердің саны артып, аудан тұрғындарының денсаулығын жақсарту мақсатында аянбай еңбек етеміз, - деді ол.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале