9.06.2022, 17:00
Оқылды: 116

Бірлестік өкілдері заңдық тұрғыда кеңестер берді

Бүгін Қаратөбе аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде аудан әкімі аппаратының басшысы Азамат Карменовтың төрағалығымен жиын өтті.

 7

Жиынға «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің заңгері Бауыржан Закиұлы, адам құқығын қорғаушы авдокат Берістен Баянды және аудандық қоғамдық кеңес мүшелері, қоғамдық ұйым өкілдері, аудандық бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты.

8

Қоғамдық ұйым мүшелерімен кездесуде алғы сөз сөйлеген Азамат Карменов облыстан келген меймандарды таныстырып, кездесудін мәні мен маңыздылығына тоқталды.

10

Кездесуде алғаш сөз сөйлеген «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің заңгері Бауыржан Закиұлы:

– Біз қызмет атқаратын қоғамдық бірлестіктің негізгі мақсаты азаматтарға құқықтық кеңестер беру және қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтын алдын алу болып табылады. Қазіргі таңда қоғамда шешімін таппаған көптеген мәселелер бар. Көптеген азаматтар заңнамада көрсетілген құқықтарын білмеуі салдарынан өздері тап болған мәселелерді шеше алмай жапа шегіп жатады. Осы ретте қоғамдағы жағдайлар бізді осы жұмыстармен айналысып, құқықтық сауаттылықты жастарға түсіндіру бағытында жұмыстануымызға алып келді, - деді.

Алқалы жиында авдокат Берістен Баянды да сөз сөйлеп, бұрынырақта ауданымызда заң саласында қызмет еткенін атап өтті. Сондай-ақ мейман Қаратөбе ауданы қазақылығы басым аудан екендігіне тоқталып, заң бұзушылықтар мен қылмыстық көрсеткіштер деңгейі төмен аудандардың бірі екендігіне тоқталды.

9

Дөңгелек үстел басына жиналған қоғамдық ұйым мүшелері сыбайлас жемқорлықты жою жөнінде арнайы ұсыныстарын ортаға салды. Жиын соңында қоғамдық бірлестік мүшелері азаматтарды жекелей сұрақтар бойынша қабылдады.

Әмірбек Әлібекұлы,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале