15.08.2024, 18:00
Оқылды: 135

Бірлік ауылына жаңадан медпункт салынады

Бұған дейінгі Тасқала ауданының әкімі Т.Шакировтың ауыл тұрғындарымен кездесуі кезінде Тасқала ауылдық округіне қарасты Бірлік ауылына медициналық пункт ашу жөнінде ұсыныс-пікірлер айтылған еді. Аталған ұсыныс Бірліктегі ағайын үшін үлкен мәселелердің бірі.

2

Адам баласы тіршілік еткен жерде оның денсаулығына жәрдемдесетін мамандардың болуы шарт. Қазіргі таңда Бірлік ауылында жаңа медициналық пункттің құрылыс жұмыстары бастау алды. Яғни іргетасы қаланып құрылысшылар алдарына қойған мақсаттарына кірісті. Аталмыш нысанға атбасын арнайы бұрған аудан әкімі Талғат Асқарұлы құрылыс жұмыстарымен танысып, қарқынына көз жүгіртті. Қазіргі кезде мұнда медициналық пункттің іргетасын құю жұмыстары жүргізілуде.

3

Айта кетейік, биылғы жылы Бірлік ауылындағы медициналық пункттің құрылысына жобалық сметалық құжаттама жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өткен болатын.

Жобалаушы мекеме Алматы қаласындағы «КАЗНИИСА» акционерлік қоғамы. Тапсырыс беруші БҚО құрылыс басқармасы. Ал, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізетін бас мердігер «Жиенбай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болса, техникалық қадағалаушы мекеме «Жайықстройинжиниринг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Жобаның жалпы құны 141,728 млн. теңгені құрайды.

1

Темірболат Әнуарұлы, 

Тасқала ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале