30.06.2023, 21:06
Оқылды: 40

«Бірлік мал зауыты» - ЖШС-і Еділбай тұқымының чемпионы

Жуырда Жетісу облысының Алакөл ауданына қарасты Лепсі ауылында етті мал шаруашылығын дамыту, мал басын асылдандыру және ет экспортын арттыру мақсатында «Лепсі-2023» халықаралық көрме-конференциясы өткен болатын. Конференцияда 30 елден келген 500 ге жуық қатысушылар арасында ауданымыздан «Бірлік мал зауыты» ЖШС-нің директоры Қанат Ешімов барған «Еділбай тұқымының чемпионы 2023» байқауында жүлделі I-II орындарды иеленіп, «Селекциялық жетістіктің авторы» төсбелгісімен және ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Аудан экономикасы үшін мал шаруашылығы ең маңызды сала болғандықтан бұл - үлкен жетістік. Осы орайда бірнеше жылдардан іргесі сөгілмеген Еділбай қойын өсіретін ірі шаруашылықтың басшысымен тілдесуді жөн көрдік.

«Бірлік мал зауыты» ЖШС-ігі Еділбай тұқымының чемпионы (6)

- Жетісу облысы, Алакөл ауданына қарасты Лепсі ауылында өткен халықаралық көрме өте жоғары деңгейде өтті. Көрменің өтуіне мұрындық болған белгілі кәсіпкер, ұлт жанашыры, меценат, шаруа қожалықтарының заманауй келбетін қалыптастырған Бауыржан Оспанов. Кәсібі де Лепсі ауылында. Жалпы Еділбай қойының отаны Батыс Қазақстан облысы болып саналады. Өңірімізден 4000 шақырым қашықтықта орналасқан жерге барған мақсатымыз Еділбай қойының тұқымдық сапасын таныстыру, қазақтың бренді ретінде шетелге таныту. Ұйымдастырушылардың да ортақ мақсаты осы. Екі күнге созылған көрмеде отандық және шетелдік сарапшылардың қатысуымен мал шаруашылығының жәй-күйі талқыланып, сыртқы нарықты ашу, инвистиция тарту, малдың сапасы мен санын көбейту, ол үшін отандық ветеринарияны дамыту сынды өзекті мәселелер айтылды. Осы іс-шараға Ұлыбританиядағы «Абердин-Ангус» мал асыраушылар қоғамының президенті Ангус Стовольд және басқа да шетелдік мамандар өз пікірлерімен бөлісті.Сараптау барысында шетелдік және отандық мамандардың қатты қызығушылығын тудырған мал тұқымының бірі біздің Еділбай қойы болды. Көрмеге үш жасар үш қошқар, екі жасар үш қошқар және бір жасар 12 қошқар апардық.

WhatsApp Image 2023-06-30 at 22.01.54

Нәтижесінде жақсы көрсеткіштер көрсетіп бір жасарлық қошқарлар арасынан II орын, 700 000 тг, екі жасар қошқарлар арасынан I орын, 2 000 000 млн тг және үш жасар қошқарлар арсынан II орындарға қол жеткізіп, 1 000 000 млн тг ақшалай сыйлықтарға ие болып, чемпион атанды. Көрмеге қатысушылар аукцион арқылы асыл тұқымды мал басын сатып алуға мүмкіндік алды. Конференцияның екінші күні аукционда бір жастан асқан еркек, асыл тұқымды тоқтылардың әр басын 208 мың тг ден сатып, шаруашылық есебіне 2 млн 500 мың көлемінде қаржы түсірдік. Көршілес Атырау облысы «Құрманғазы» өндірістік кооперативінен де Еділбай тұқымын апарған болатын. Қазақстанның бірнеше қалаларынан да қатысушылар көп болды.Ол жерде малдың салмағы ғана емес, жаңа сойылған етінің сапасын саралау мақсатында аспаздар стейк дайындап, сарапшыларға ұсынды. Жалпы біздің малға сұраныс жоғары. Себебі Еділбай қойы азығы табиғи болғаннан кейін қанының тазалығымен ерекшеленеді. Бұл жөнінде Алматы қаласындағы генетикалық зерттеу институтының сараптама қорытындысы бойынша баспасөз беттерінде талдау тұжырымдамасы да жарияланған болатын.

«Бірлік мал зауыты» ЖШС-ігі Еділбай тұқымының чемпионы (8)

Біздің шаруашылықтан Алматы, Жамбыл, Ақмола, Ақтөбе,Павлодар,Семей, Ақтау облыстары және Ресей елінен Саратов, Астрахань жағынан Еділбай қошқарларын сатып алуға ұсыныстар түсуде. Шілде айынан бастап Жамбыл облысы 100 бас қошқар сатып алуға ұсыныс беріп қойды. Еділбай қойларының болашағы зор. Біріншіден олар табиғаттың ыстық, суығына төзімді, екіншіден тұқымдық қасиетінің өзгеріссіз ұрпағына берілуі. Айта кететін тағы бір ерекшелігі олардың неғұрлым жайылымдық жерлері құнарлы болған сайын, салмақтары арта түседі. Сондықтан шаруашылық жайылымдары мен су мәселесі күн тәртібінен түспеуі керек деп есептеймін. Қаржылық жағдайымыз тұрақты болғанымен қазір мал бағатын малшы, зоотехник, мал дәрігерлері сынды мамандар тапшылығы сезілуде. Дегенмен бұл мәселелерді шешуге жұмыстана береміз,-дейді Қанат Мұқтарұлы. Өңіріміздегі еңсесін ерте көтерген «Бірлік мал зауыты» ЖШС бұған дейінгі де жетістіктері аз емес. Ауыл тұрғындарының негізгі кәсібі саналатын мал шаруашылығындағы үлкен нәтижелер тынымсыз еңбек пен бірліктің ұтымды үйлесім табуынан десек те болады. Осы саланың өркендеуіне үлес қосып, ортақ абырой үшін еңбек еткен серіктестік ұжымына толағай табыстар тілейміз.

WhatsApp Image 2023-06-30 at 22.05.32

Зара Жәрдемова,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале