29.04.2022, 20:11
Оқылды: 43

Бірлік пен береке мейрамы

Бүгін Жәнібек аудандық мәдениет үйінде 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мерекелік концерт өтті.

4611E5D9-DA8A-4511-AF48-3BA70C6CFAEA

Шара аудандық мектептен тыс жұмыстар орталығының Жәнібек ауданының 100 жылдығына орай ұйымдастырған көрмені тамашалаудан басталды. Әрмен қарай LED экраннан бейнероликтің көрсетілімі мен сахна төрінде «Ақмаржан» халықтық би ансамблінің «Шалқыма» қазақ биі назарға ұсынылды.

Сонан соң аудан әкімі Азамат Сафималиев барша жиналғандарды мерекемен құттықтады.

-Қадірменді жерлестер, сіздерді Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағы күнімен шын жүректен құттықтаймын. 1 мамыр — бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп жүрген отандастырымыз үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің, татулық пен тұтастықтың, бірлік пен берекенің мейрамы. Бірлігі бекем ұлттың алар асуы, шығар шыңы биік болатыны сөзсіз. Бүгінде Қазақстан — экономикасы дамыған, әлемдік деңгейде өзінің лайықты орнын таба білген, өз азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғауда нақты шараларды жүзеге асырған мемлекетке айналды. Баршаңызға бақ-береке, ашық аспан, отбасыларыңызға амандық, келешегімізді нығайтудағы еңбектеріңізге табыс тілеймін,-деді аудан басшысы.

B473E3A6-9588-4E06-8019-93744C10BBB5

Жылы тілектен кейін аудан өнерпаздары ән мен биден шашу шашты. Райымбек Каримов М.Балмолданың сөзіне жазылған «Сәлем елім» әнін, Қ.Хамидолла Ө.Аниязовтың «Әттең, тонның келтесі-ай» әнін, Тамара Кафарова халық әні «Хайләйлім», Ақкүн Ибраева «Қазақ елім», Шынар Каюпова қырғыз әні «Бегімайдың жырын» шырқады. Сонымен қатар Мейрамгүл Дәулетқалиева өзбек және Лунара Сәбитова кавказ халық әні «Аравайды» тамылжыта айтты. Сол сияқты «Ақмаржан» халықтық би ансамблі мен «Көзайым» бишілер тобы сәйкесінше өзбек, украин халық билері мен жастар биін мың бұрала биледі. Салтанат Ералина  домбырамен күй шертсе, «Ақниет», «Надежда», «Асыл арна» әжелер ансамблі Ж.Молдағалиевтің сөзіне жазылған «Еділ мен Жайық» әнін әдемі ырғақпен орындады.

6E1939C8-0582-4E80-8077-3100D7D28FAA

Концертті Айнара Нұртаева «Ұлы елім» әнімен қорытындылады.

 Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале