28.02.2025, 19:00
Оқылды: 166

«Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл»

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында облыс әкімі, БҚО ҚХА төрағасы Нариман Төреғалиевтың бекіткен іс-шара жоспарына сай, БҚО ҚХА-ның бастамасымен ірі кәсіпорындар, мекемелер мен барлық деңгейдегі оқу орындары арасында эстафета «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» эстафетасы ұйымдастырылған болатын. Осыған орай БҚО әкімдігі Қоғамдық даму бсқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Айша Абешова бастаған топ Теректі ауданына келді.

480963595_2840939512754591_316268919995114625_n

Сондай-ақ, делегация құрамында БҚО ҚХА ақсақалдар кеңесінің мүшесі, «Ауыл» Қазақстан халықтық-демократиялық патриоттық партиясы ҚБ БҚО филиалы төрағасының орынбасары Мынатаубиік Анесов, «Бірлік» әзербайжан этномәдени-ағартушылық бірлестігі» ҚБ төрағасы Наджаф Мамедов және БҚО әкімдігі Қоғамдық даму бсқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің этномәдени бірлестіктермен жұмыс және этносаралық саладағы медиация бөлімінің аға кеңесшісі Кенжегүл Ахметова болды.

480725270_2840939619421247_3626174061040510756_n

Келген қонақтарды аудан әкімінің орынбасары Қалаубек Теміров пен аудандық мәслихат төрағасы Әлжан Нұрғалиев қарсылап алып, алдымен аудандық Достық үйіне апарды. Делегация өкілдері қазақы дәстүрге сай ақтан ауыз тиіп, Тәуелсіздік ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Содан соң Теректі ауданында қызмет ететін этномәдени бірлестіктердің жұмысымен танысып, тарихына көз жүгіртті. Басқосу аудандық мәдениет үйінің мәжіліс залында жалғасын тауып, жиынға ауылдық округ әкімдері мен мекеме басшылары, этномәдени бірлестіктер ұжымдары мен жастар қатысты. Алдымен сөз алған аудан әкімінің орынбасары Қалаубек Теміров ҚХА өкілдерін мерейлі белесімен құттықтап, келген қонақтарға қош келдің айтты. «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Айша Абешова да жиылғандарды келе жатқан алғыс айту күнімен құттықтап, 30 жылда атқарылған жұмыстардың бірқатарымен таныстырып өтті.

481241816_2840937736088102_3217592118842461556_n

«Бүгінде ҚХА 30 жылдығына орай кешенді жоспар дайындалып, бірқатар шара өткізу көзделіп отыр. Ережеге сәйкес үш жылда бір рет өтетін этномәдени бірлестіктердің аккредиттеу процесі мерзімінен бұрын қаңтар айында өткізілді. 30 жылдыққа арналған брендбук, баннерлер үлгісі дайындалып, облыс орталығы мен аудандарда ілінуде. Ең басты мерейтойлық шара республика бойынша Достық үйлерінде 1 наурыз күні Гимнмен бастау алып, Ел Президенті мен облыс басшыларының құттықтауларымен, қоғам қайраткерлерінің мерекелік лебізімен жалғасып, мерекелік концертке ұласатын болады. Сол күні «Қайырымдылық керуені» акциясы ұйымдастырылады», - деді Айша Уәлиқызы.

481674345_2840939102754632_1147361313504800428_n

Мынатаубиік Анесов те жиылғандарға ақсақалдық ақыл кеңесімен бөлісіп, өскелең ұрпақты бірлікке, ытымаққа шақырды.

480709232_2840938196088056_4792718935241071060_n

Басқосу барысында «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Айша Абешова мен аудан әкімінің орынбасары Қалаубек Теміров ауданымыздың рухани өміріне белсене араласып, Ассамблея жұмысын жандандырып жүрген мәдени қызметкерлер мен этномәдени орталық мүшелеріне облыс және аудан басшылығы атынан алғысхаттар табыстады. Өз кезегінде этномәдени орталық ұжымдары да отырысты әнмен әрлеп, шара «Атамекен» әнімен аяқталды.

Р.Сатыбалды,

Теректі ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале