1.05.2025, 14:00
Оқылды: 318

«Бірлік жүгірісі» - бірліктің көрінісі

Бүгін 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай "Бірлік жүгірісі" көпшілік жүгіру марафоны өтті.
image-01-05-25-12-04-4
Алдымен "Достық" алаңында марафоншылар дене жаттығуын жасап, сөреге тұрды. Орталық алаңнан басталып, спорт кешенінен аяқталған жарысқа 9 жастан бастап 67 жас аралығындағы спортшылар қатысты.
image-01-05-25-12-04-3 image-01-05-25-12-04
Ерлер арасында 1-орын Жалғас Мұхамбетқалиға, 2-орын Қолқанат Серіковке,  3-орын Мұханбет Сағынтаевке бұйырса, әйелдер арасында 1-орынды Фатима Ғұбайдуллина, 2-орынды Анаргүл Сатқанова, 3-орынды Нұргүл Нығметжанова иеленді. 35 жастан жоғары жас ерекшелігінде 1-орынға Арманбек Үмбетқалиев, 2-орынға 67 жастағы ардагер спортшы Есенғали Бисекешов, 3-орынға Айдар Қаресов лайық деп танылды. Жасөспірім ұлдар арасында 1-орыннан Нұрасыл Кенжеғали, 2-орыннан Оразбек Жұмасейіт, жүлделі 3-орыннан Дәулет Сырғабек табылды. Жасөспірім қыздар арасында Мәдина Максимқызы 1-орынды иеленіп, сонымен қатар жасы елуден асқан Жанар Жұмағалиева, Анар Қайырова да биіктен көрінді. Жүлдегерлерді аудан әкімінің орынбасары Руслан Ғұмар арнайы құттықтап, «Jastar» спорт клубының естелік сыйлықтарымен, дипломдарымен марапаттады.
Сыйлыхан Жұмасалық,
Жаңақала ауданы
image-01-05-25-12-04-1 image-01-05-25-12-04-2
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале