7.09.2022, 12:45
Оқылды: 41

Бірлікте – «Білім алаңы»

Тасқала ауданына қарасты Бірлік елді мекенінде «Балалар жылына» орай «Білім алаңы» ашылды. ҚР Мемлекеттік Әнұранымен бастау алған іс-шараға Тасқала ауданы әкімінің орынбасары Талғат Шакиров, Тасқала ауылдық округінің әкімі Гүлжан Мұхамбетқалиева, мекеме басшылары, ардагер ұстаз Татьяна Листкова қатысты.

13

«Білім алаңы» жобасы мектеп ұжымы және Тасқала ауылдық округі әкімі Гүлжан Мұхамбетқалиеваның қолдауымен жүзеге асырылды.

– Ауылда ашылған «Білім алаңы» – бұл әкімдік және мектеппен бірлесіп атқарған үлкен жұмыс жемісі. Жалпы, атқарылып жатқан барлық игі іс балаларымыз, яғни болашағымыз үшін екені сөзсіз. Сондықтан бірліктік ағайынның қуанышына ортақпыз, – деді салтанатты жиында сөз алған Талғат Асқарұлы. Шарада жоба жұмысын жүргізуге көмек көрсеткен бірқатар азаматты мектеп директоры Әлия Байболатова алғысхатпен марапаттады.

Гүлмира Мақанова,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале