12.08.2020, 14:37
Оқылды: 42

Бірлікте екі бала құдыққа құлап, көз жұмды

Батыс Қазақстан облысында бақылаусыз қалған екі сәби құдыққа құлап, көз жұмды. БҚО төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, қайғылы оқиға 11 тамыз күні Жаңақала ауданы Бірлік ауылдық округінде болды.

95571AFD-0494-493C-BEC0-FD2118AB3F6B

Шамамен сағат 15.00-де қараусыз қалған 3 және 1 жасар екі сәби жеке үйдің ауласындағы тереңдігі 3 метр суы бар құдыққа құлап кеткен. Олардың денесін сағат 18.30-да жергілікті тұрғындар шығарып алды. БҚО төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауды ескертеді.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале