14.03.2024, 17:48
Оқылды: 41

Бірлікті бекемдей түскен Көрісу күні

Ұлыстың ұлы күні саналатын әз-Наурыз - ата салтын ардақтаған қазақ халқы асыға күтетін мереке. Ұлан-байтақ қазақ жерінде тойланатын мерекеге орай бүгін Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығында халықтық фольклорлық ансамбілің «Бірлікті бекемдей түскен - Көрісу» атты концерттік бағдарламасы өтті.

0138cbbb-8f19-4ba6-aa40-e206dec76cee

Аудан әкімінің орынбасары Руслан Қонысбайұлы сөз алып, барша қазақ жұрты асыға күтетін, күн мен түн теңеліп, ынтымақ пен берекесі артатын мерекемен жиналған қауымды құттықтады.

Ауданда қазақтың ұлттық өнерін, музыкасын, сонымен қатар мәдениетін сақтап келе жатқан ұжымдардың бірі - халықтық фольклорлық ансамблі.

Болатбек Өтешқалиев жетекшілік еткен ансамбльдің сүйемелдеуімен қазақ халқының көне әндері мен күйлері шырқалып, Қуанышбек Айдарбековтың орындауында «Ауылға барам» әні, Нұрлан Хамзиннің «Амансыздар ма?» әні көрермен жүрегіне жол тартты. Әрі қарай үлгілі «Гүлдәурен» би ансамбілінің үлкен топ мүшелері «Шаттық Отаны» атты қазақ биін мың бұрала билеп, Бекқали Сағынғалиев «Мұхиттың әні «Көк айдай» термесін орындады. Аудандық мәдени-демалыс орталығының қызметкерлері Меңдігүл Иманәлиева «Қазақтың дәстүрлері – ай» әнін, Жанболат Мусағалиев «Көрісу айт»  әнін шырқап, мерекелік кешті қорытындылады.

Ақерке Ғилымхан,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале