Теректі аудандық сотында ресейлік азаматты ҚР заңнамасының бірнеше талабын бұзғаны үшін Қазақстан аумағынан шығарып жіберу туралы БҚО ішкі істер департаментінің арызы қаралды.
БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған азаматқа қатысты өткен жылы бұзақылық және ұрлық белгілерімен бірнеше қылмыстық іс қозғалып, тараптардың татуласуына байланысты қысқартылған болатын. Сот қылмыстық құқықбұзушылық жасаған шетелдікті Қазақстанда қалдыруды орынсыз деп тапты.
Сонымен бірге оның Қазақстанда некеде тіркелмегені, балаларының жоқ екендігі анықталды.