Жыл соңындағы жағымды жаңалықтардың бірі – Бисен ауылында жаңа кондитерлік нысанның өз жұмысын бастауы. «Bereke bakery» атты жаңа тәттілер дүкенінің иесі, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз мемлекеттік гранттың – Гүлфат Жұмағалиева.

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Ерлан Нүркенов, аудандық мансап орталығының директоры Исатай Оз, Бисен ауылдық округінің әкімі Кенжебек Құрмашев нысанның ашылу салтанатына қатысып, жаңа кәсібін бастаған жанның жұмысына сәттілік тіледі.






Анар Артықбай
Бөкей ордасы ауданы