31.01.2019, 11:12
Оқылды: 45

Бисенге Мәдениет үйін салуға жобалық-сметалық құжат әзірленуде

Бөкей Ордасы ауданында 965 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген болса, оларда 2064 адам жұмыс жасайды. Өткен жылы кәсіпкерлермен 6 млрд. 345 млн. теңгенің өнімі өндірілген. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 80 адам 396 млн. 680 мың теңге несиеге қол жетізген.

uiiii

         Аудан әкімі өз баяндамасында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен спорт саласында атқарылған өрелі істерге де тоқталып өтті.

Өткен жылы Сайқын ауылындағы «Арай» сауықтыру-туристік лагеріне және Хан Ордасы ауылындағы «Болашақ» лагеріне 1 млн. 100 мың теңгеге қаңқалы-модульдік  бассейндер алынған. Жергілікті бюджеттен бөлінген 6 млн. 657 мың теңге қаражатқа үш бастауыш мектепке және Бисен ауылындағы орта мектеп жанындағы интернатқа күрделі жөндеулер өткізу үшін жобалық-сметалық құжат дайындалуда.

Аудандағы емдеу мекемелерінде 30 дәрігер, 121 орта буын медицина қызметкерлері жұмыс жасайды. Өткен жылы ауданға бір дәрігер және үш орта буын қызметкер жұмысқа келген. Бүгінгі күні аудандық ауруханаға акушер-гинеколог, офтальмолог дәрігерлері жетіспейді. Маман тапшылығы жұмыс жасап жүрген дәрігерлерді қайта даярлау, біліктілігін жетілдіру курстарына оқуға жіберу арқылы шешілуде.

Сонымен қатар ауданда дене шынықтыру-сауықтыру орталығын салуға, Бисен ауылына жаңадан Мәдениет үйін салу үшін жобалық сметалық құжат әзірленуде.

Нұрбек Оразаев,

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале