16.05.2024, 16:45
Оқылды: 56

Бишілерден тағы бір жүлде

Жуырда Сырым ауданында үлгілі «Жакқазын» би ансамблінің 30 жылдық мерейтойына арналып, алғашқы рет облыстық «Билейік бірге» би байқауы өтті.

54

Оған өңіріміздің би ұжымының жетекшілері өз оқушыларымен бірге дуэт болып қатысып, өнерін ортаға салды. Бұл байқауға ауданның балалар шығармашылық орталығы жанындағы «Дарын» би ансамблінің жетекшісі, педагог-зерттеуші, балетмейстер Гүлден Оңғар мен шәкірті Іңкәр Беркінқызы қатысып, I орынға ие болды.

Екі кезеңнен тұрған байқауда алдымен ұстаз бен шәкірттің жұбы қазақ ұлттық биін ұсынып, «Шабыт шаттығы» би қойылымымен, екіншісінде еркін тақырыпта «Машенька» биімен көрерменді тамсандырды.

Айта кету керек, құрамында 96 оқушы бар «Дарын» би ансамблінің құрылғынына биыл 13 жыл. Көркемдік жетекшісі – Сырым ауданың тумасы, мерейтойына орай аталмыш байқау өткізілген Үлгілі «Жауқазын» би ансамблінің солисі болған, Гүлден Оңғар. Ансамбль репертуарында қазақ билері, өзге ұлттардың биі, эстрадалық және балалар билеі бар.

Аталмыш топ облысымызға танымал және де түрлі халықаралық, республикалық байқауларда жоғары деңгейде өнер көрсетіп, топ жарып келеді.

Айжан Ақыл,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале