15.04.2019, 18:05
Оқылды: 29

Бішкекте Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығына арналған кеш өтті

Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында Алықұл Османов атындағы Қырғызстан Республикасының ұлттық кітапханасында ақын, Қазақстанның Халық жазушысы Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығына арналған кеш өтті, деп хабарлайды әнші, композитор, Қ.Мырза Әли атындағы қордың директоры Донеділ Қажымов.

 IMG-20190413-WA0021

         «Рухании достук – келечекке алтын көпүрө» атты кешті қордың өкілі, Қ.Мырза Әлидің өлеңдерін қырғыз тіліне аударушы Атантай Акбаров жүргізген. Шараға Қырғызстандағы қазақ диаспорасы, қырғыздың әдебиет өкілдері қатысты.

         Бішкекке Қазақстанның өнер делегациясын Қазақстанның Халық әртісі, ақынның көз көрген жолдасы Нұрғали Нүсіпжанов бастап барған. «Құрмет» орденінің иегері, әнші, композитор Донеділ Қажымов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлнәр Даукенова, белгілі әнші Дәуренбек Мерғалиевтер Қадыр ақынның сөзіне жазылған әндерді шырқады. Қырғыз астанасында өткен Қадыр Мырза Әлидің шығармашылық кешінде ақынның туған жері Сырым ауданының атынан әнші, халықаралық ән байқауларының лауреаты Бекей Қанатов барып, өнер көрсеткенін айта кетейік. .

         Әдеби – сазды шара барысында екі елдің рухани байланысы жөнінде де әңгіме болған. Қазақ пен қырғыздың әдеби әріптестігі жайлы phD доктор, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті, филология ғылымдарының докторы Әлия Бияздықова, ақын, аудармашы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Саят Қамшыгер айтты.

         Шара соңында қырғыз елі атынан Халық ақындары Нұрпайс Жарқынбай, Гүлсара Момынова, Рамис Рысқұлов сөз сөйледі.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

IMG-20190413-WA0019 IMG-20190413-WA0020

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале