31.12.2024, 12:45
Оқылды: 32

Битілеуде жаңа медициналық пункт пайдалануға берілді

Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округіне қарасты Битілеу ауылы халқының көптен бергі тілегі орындалды. Шағын ауылда медициналық пункттің құрылысы аяқталып, жұртшылық зор қуанышқа бөленді.

WhatsApp Image 2024-12-31 at 13.24.22

Осыған дейін медпункт ауылдағы мектептің аядай бөлмесінде орналасқан болатын. Жаңадан салынған бір қабатты ғимаратта қабылдау бөлмесі, физиобөлме, дәріхана орналасқан. Мұнда  фельдшер мен санитар қызмет етеді.

WhatsApp Image 2024-12-31 at 13.24.23 (1)

– Елімізде халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында көптеген бағдарламалар жүзеге асып жатыр. Соның бірі – «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы. Осы жоба шеңберінде биыл ауданда 8 нысанның құрылысы басталды. Соның  төртеуі биыл аяқталса, қалған төртеуі 2025 жылда пайдалануға беріледі.  Осы жұмыстардың бәрі – тұрғындардың сапалы медициналық көмекке қолжетімділігін арттыру мақсатында атқарылған қам-қарекет. Бәріңізді шын жүректен осынау қуанышпен құттықтаймын, сонымен қатар осы құрылысты сапалы жүргізіп, уақытында тапсырған «Каз ОКК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне ризашылығымды білдіремін, – деген Мұрат Амангелдіұлы серіктестіктің директоры Нұрсұлтан Нәсіпқалиевке өзінің алғысхатын табыс етті.

WhatsApp Image 2024-12-31 at 13.24.23 (3)

Ашылу салтанатына қатысқан «AMANAT» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев  ауыл тұрғындарын құттықтады. Мердігер Нұрсұлтан Егізбайұлы құрылысқа қолынан келгенше қолдау көрсеткен ауыл тұрғыны Есболат Тоғайұлына ризашылығын білдіріп, алғыс хатпен марапаттады.

Жаңа ғимараттың лентасын «AMANAT» облыстық филиалының атқарушы хатшысы А.Сафималиев пен ауыл ақсақалы Қабылдаш Құрмағалиев қиды.

Нұрбек Ихсан

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале