11.07.2024, 22:00
Оқылды: 132

Биыл 28 тұрғынға жаңа пәтердің кілті табысталады

Бүгін Жәнібек ауданы әкімі Тимур Шиниязов аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жаңа басшысы Рустам Аманғалиевпен бірге Күйгенкөл, Ақоба ауылдық округтерінде салынып жатқан құрылыс нысандарын өз көзімен көріп қайтты.

image-11-07-24-05-55-4

Жоспар бойынша жүріп жатқан тұрғын үй құрылыстарының мердігерлерімен тілдесіп, құрылыс материалдарының сапасына баға беріп, жылыту маусымына дейін жұмысты бітіру қажеттігін ескертті. Құрылысы басталғанына көп болмаса да бел ортасына жетіп қалған тұрғын үйлерді көріп қайтуға барған аудан әкімі есеп үшін ғана жұмыс атқармай, иелеріне кілтін еш қысылмастан табыстай алатындай, сапалы жұмыс болу қажеттігін тапсырды. Еске сала кетсек, былтыр 8 тұрғын үй қолданысқа берілсе, биыл 28 тұрғынға жаңа пәтердің кілтін табыстау жоспарда бар.

image-11-07-24-05-55

Сонымен қатар биыл жоспарда болған ауыл ішінде тротуар төсеу жұмыстарын да көзімен көрді. Күйгенкөлдіктерді көп күттірмеген жаяу жүргіншілер жолының ұзындығы 1182 метр шамасында болады. Т.Жароков пен И.Тайманов атындағы көшелерін қамтитын жол құрылысы жаз соңына дейін бітпек. Көптен бері халықтың көкейінде жүрген ауыз су мәселесі де өз шешімін тауып, жаңарту жұмыстары басталып кетті.

image-11-07-24-05-55-5

Ал Ақобада былтыр басталған кіреберіс 23 шақырым жолдың жөндеуі биыл жалғасын тауып, асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жолдың сапасына аудан әкімі өзі жүріп, оң бағасын берді. Сонымен қатар ауылда салынып жатқан екі тұрғын үйдің құрлысын жаңа оқу жылына дейін аяқтауды тапсырды.

Арай Сейфолла,

Жәнібек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале