Cырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев қорытынды есеп беруде. Оған облыс әкімінің орынбасары Серік Егізбаев қатысуда.
- Аудандағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 4 млрд. 29 млн. теңгеге жетіп, 2018 жылға қарағанда 71,8 пайызға өсті. Соның ішінде жеке сектор қаражаты есебінен тартылған инвестиция көлемі 2 млрд. 191 мың теңге болды. Жалпы соңғы 2 жыл көлемінде ауданға тартылған инвестицияның ішінде жеке сектор қаржысы есебінен салынған инвестиция көлемі 56 пайызды құрады. Бұл кәсіпкерлік саласының қарқынды даму деңгейін көрсетеді. Жүзеге асқан жобалардың ішінде екі ірі инвестжоба «Жібек жолы» автокешені мен «Sinoil» жанар-жағармай құю бекеті. Құны 582 млн. теңге болып, 48 тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылды.
Екі жобадан бөлек 5 кәсіпкерлік нысан пайдалануға берілді.
Биыл 6 жоба жоспарланып отыр. Олар екі мал сою пункті, мейрамхана, көтерме және бөлшек сауда орталығы, екі автокөлік жөндеу орны. Жалпы құны - 210 млн. теңгеге жоспарланды. тұрақты жұмыспен 39 адам қамтылады, - деді аудан әкімі.
Аудан әкімінің айтуынша, күрделі жөндеуден өткен Шолақаңқаты су қоймасының бүгінгі күні қоймадағы 6,5 млн. текше метр су қорын тиімді пайдалану үшін инвесторларға ұсыныс жасалып, қызығушылық танытқандарымен жұмыстар жүргізілуде. Мұнымен қоса ауданның инвесткартасы да жасалған.
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер