29.06.2022, 18:00
Оқылды: 41

Биыл «Казталов – Жәнібек – РФ шекарасы» жолының 14 шақырымы күрделі жөндеуден өтеді

Былтыр Казталов ауданындағы «Казталов – Жәнібек – РФ шекарасы» республикалық жолының 18 шақырымы күрделі жөндеуден өтсе, биыл 14 шақырымы күрделі жөндеуден өтпек.

жол

-Былтыр «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында 343 млн. теңге жұмсалып, Казталов ауылында 3,7 шақырым болатын 11 көшенің автомобильдер жолына асфальт төселді. Биыл Жалпақтал ауылында 2,3 шақырым болатын 5 көшенің ауылішілік жолдарын қайта жаңарту жұмысы жүруде.

Өткен жылы «Нұрлы Жол» бағдарламасымен республикалық бюджеттен 745 млн. теңге қаражат бөлініп, Бостандық, Қоныс, Әжібай, Нұрсай ауылдарына кіреберіс 14,8 шақырым жолдың 7,7 шақырымы және Қараоба-Беспішен-Қошанкөл бағытындағы 15 шақырым аудандық маңызы бар жолдың 6 шақырымы орташа жөндеуден өтті. Ал биыл толықтай аяқталатынын күтіп отырмыз, - деді Казталов ауданы әкімі Рүстем Зулкашев.

Мұнымен қоса Беспішен-Қошанкөл-Қараоба бағытындағы жолдың 15-41 шақырым жолын орташа жөндеуге республикалық бюджеттен 374 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмысы жүргізілуде.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале