Ақжайық ауданының Құрайлысай ауылдық округіндегі Талап мектеп-бөбекжай кешеніндегі көпбалалы отбасындағы 6 оқушыға мұғалімдер өз жинақтары есебінен оқу құралдарын алып берді.
- Бұл көмек «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясына орай көрсетілді. Биыл «Жүректен жүрекке!» ұранымен өтетін аталған акцияға байланысты 1 қыркүйекке дейін ауылымыз бойынша дәстүрлі қайырымдылық әдеттегідей ауқымды болары сөзсіз,- дейді әлеуметтік педагог Арайлым Ибрашова.
Ауданда 1 қыркүйекке дейін өтетін дәстүрлі акцияға орай жер-жерде дайындықтар жүргізілуде. Былтыр әлеуметтік әлсіз отбасылардағы 1356 балаға 5 млн. 761 мың теңгенің көмегі көрсетілген болатын.
Бекем Бекұлы,
Ақжайық ауданы
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер