6.06.2024, 17:02
Оқылды: 60

Биыл Тасқалада «Дипломмен ауылға» бағдарлама аясында 35 маманға қолдау көрсетіледі

Тасқала ауданына жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Бибігүл Тишанқызы Қонысбаева мен Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасының өңірлік даму бөлімінің басшысы Райса Жұмахметқызы Еркеғалиева келді.

66DAF780-E223-4B4E-917D-BBF52E37D48E

Аудан әкімдігінде өткен жиында облыстан келген әріптестеріміз «Тасқала ауданы бөлінісінде Батыс Қазақстан облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарының нысаналы индикаторлары», «Дипломмен ауылға» және «Қаладан ауылға» бағдарламалры бойынша түсіндіру жұмысын жүргізіп, қойылған сауалдарға жауап берді.

98347315-8455-4D91-B1FD-AA0F1074F8C0

Аудан әкімі Талғат Асқарұлының айтуынша, 2023 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы негізінде аудан бойынша 30 жас маманға әлеуметтік қолдау көрсетілсе, биыл бұл 35 жас маманға жоспарланып отыр.

Гүлмира Мақанова,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале