13.12.2023, 16:45
Оқылды: 53

Биыл Жәнібекте жол қауіпсіздігін бұзған 757 факт тіркелген

Жәнібек ауданы әкімдігінде аудан прокуроры Сәкен Молдашевтың төрағалығымен жол қауіпсіздігі жөнінде жиын өтті.

FB_IMG_1702381894519

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов, аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мақсат Жаналиев, полиция бөлімінің бастығы Айшуақ Сейтқазиев, әкімшілік полиция бөлімшесінің басшысы, полиция майоры Руфат Қабиев, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Берік Испенбетов және жолға жауапты мердігерлер мен санаулы көлік жүргізушілері қатысты.

FB_IMG_1702381899361

 Аталмыш жиынға қатысуы керек жандардың бірегейі жүргізушілер еді. Бірақ олар келмеді. Сақтық шаралары тағы да оларға жетпеді.

FB_IMG_1702381897147

Руфат Ғұбайдоллаұлының айтуынша, 2023 жылдың он бір айында жол қауіпсіздігін бұзған 757 факт тіркелген. Ал былтыр жолдағы ережені белден басқаны үшін 669 іс тіркеліп, тиісті айыппұл өндірілген. Сонымен қатар аудан бойынша екі жол көлік оқиғасы болып, салдарынан үш адам сол бойда қаза тауып, үш адам ауыр дене жарақатын алған. Өткен жылы бұл оқиға екі рет болып, бір адам бақилық болған.

Жиында жол белгілері туралы талқыланып, «Батыс алға» ЖШС жетекшісі Елдар Темірхановқа қатаң бақылау тапсырылды. Соңында құрылысы аяқталмаған көпірді жабу туралы шешім қабылданды.

Ақтілек Әлібекұлы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале