16.07.2021, 11:25
Оқылды: 25

Біздің таңдауымыз ауыл болашағына жол ашады

-Еліміз сан түрлі тарихи белестерді бағындырып келеді. 30 жылда ел жаңарып, күллі әлемді таң қалдыруда. Бұған, әрине, Елбасымыздың және Мемлекет басшысының көрегендігінің, халқымыздың бірлігінің, бейбітшілік пен тұрақтылықтың арқасында жетіп отырмыз.

WhatsApp Image 2021-07-16 at 11.24.29

Ал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл әкімдері сайлауын өткізу жөніндегі шешімі – еліміздің тарихындағы елеулі өзгерістердің бірі. Бұл ауыл халқының түйткілді мәселелерін өзін-өзі басқару жүйесі арқылы шешімін табуына септігін тигізеді. Біз өзіміздің таңдауымыз арқылы ауылымыздың болашағына жол ашамыз. Сондықтан барша ауылдастарымды ауыл әкімдерін сайлауға қатысуға шақырамын.

Нұрия Хабибуллина,

Казталов ауылдық округінің аналар кеңесінің төрайымы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале