9.06.2019, 8:35
Оқылды: 4

Біздің таңдауымыз - ел тыныштығы

«Мерейлі отбасы-2019» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жүлдегерлері, қазталовтық Қарсақовтар жанұясы да бүгін ел тыныштығы үшін өз таңдауын жасамақ.

Kaztalov Karsakovtar

- Бүгін еліміз үшін, біздің отбасымыз үшін тарихи сәт. Елдің тыныштығын, халқымыздың амандығын, балаларымыздың болашағын ойлап, таңдау жасауға сайлауға бара жатырмыз. Барша қазақстандықтарды айтулы күнмен құттықтаймыз және сайлауға қатысуға шақырамыз, - отағасы Медет Қарсақов.

Айта кетейік, 9 маусым күні 7:00-де Қазталов ауданында ҚР-ның Президенттігіне кандидаттарды сайлау үшін салтанатты түрде 48 сайлау учаскесі ашылды. Аудан орталығы Қазталов аулындағы №219, №220 №258 сайлау учаскелеріне сайлаушылар келіп, өз таңдауларын жасап жатыр.

kaztalovАудан орталығындағы №219 сайлау учаскесіне алғашқы боп дауыс беруге келген Гүлжиян Идрисова апамызға сайлау учаскесінің төрағасы сыйлық табыс етті.

Қайрат Жақып

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале