5.01.2021, 10:58
Оқылды: 52

БҚО әкімі Казталов ауданындағы музей жұмысымен танысты

3 қаңтар күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев Казталов ауданына жұмыс сапарымен барды.

муз4

Жұмыс сапарын Ақпәтер ауылдық округінен бастаған өңір басшысы ауылдағы аспан асты мұражайына тыныс-тіршілігімен танысты.

муз5

Айта кету керек, Ақпәтер ауылындағы өлкетану музейінің негізін қалаушы – Өтеғұлов Кәрім ақсақал. Кезінде ел басқарып, көптеген бастамаларға ұйытқы бола білген Кәрім Тәжімағамбетұлы өлкетану мұражайы сыртында киіз үйден бастап, ауыл шаруашылығында қолданылған техникаларды да жинаған. Мұражайдан кеңес заманынан сыр шертетін сан алуан техникалар мен эспонаттарды кездестіруге болады. Керек десеңіз, әйгілі Кенжебек Меңдәлиевтің «Волга» автокөлігі де бар. Аспан асты мұражайын аралап көрген өңір басшысы Кәрім ақсақалдың жұмысына ризашылығын білдірді.

муз6

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале