Облыс әкімі Нариман Төреғалиев жұмыс сапарымен Бәйтерек ауданына барып, бірқатар ауыл шаруашылығы және өндірістік нысандардың жұмысымен танысты.

Сапар барысында облыс әкімі алдымен «ОралАгро» ЖШС-ның жұмысын бағамдады. Компания — облыстағы ауыл шаруашылығы техникасының негізгі жеткізушісі. «ОралАгро» БҚО-дағы техниканың 50%-ын сатады және 82%-ына сервистік қызмет көрсетеді. «ОралАгро» ауыл шаруашылығы техникасының әлемдегі ірі өндірушілерінің бірі «Ростсельмаштың» БҚО-дағы ресми дилері болып табылады.
Батыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы саласын әртараптандыру және өндірісті тереңдету бағытында жүйелі жобалар қолға алынуда. Бұл бастамалардың бірқатары Бәйтерек және Ақжайық аудандарында табысты іске асырылып келеді.
Облыс әкімі танысқан келесі нысан Байқоныс ауылдық округіне қарасты Новенький ауылындаорналасқан «BR and G Company» ЖШС-ы болды. Компания 2023 жылдан бастап құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру жобасын іске асыруда. Жобаның жалпы құны – 1,5 млрд теңге. Қазіргі уақытта негізгі құрылыс жұмыстары аяқталып, жабдықтар орнатылуда. Өндіріс мамыр айының соңына дейін іске қосылмақ. Жоба толық қуатында жұмыс істеген жағдайда 22 тұрақты жұмыс орны ашылады.
Кәсіпорын жетекшісі Марат Ғалиевтің айтуынша, қазіргі өзекті мәселелердің бірі – бизнеснысанына кіреберіс жол салу. Осы орайда, ұзындығы 300 метр болатын жол салуды облыс әкімі «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында қарастыруды тапсырды. Егер жол тікелей тартылса, құрылысқа жұмсалатын шығын көлемі де едәуір азаятынын жеткізді.
Байқоныс ауылында облыс әкімі «Кажмухамбетов» шаруа қожалығының жылыжай кешеніне және көкөніс сақтау қоймасын аралап көрді. Аумағы 2000 м² жылыжай мен 3000 тоннаға дейін сақтауға болатын көкөніс қоймасы өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тұрақты жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік туғызуда.
- Қазіргі уақытта нысанға газ, жарық және басқа да қажетті инженерлік желілер толық тартылған. Қаржы мәселесі шешілсе, жылыжайды биыл толық іске қосуға дайынбыз. Жобаны аяқтауға 1,3 млрдтеңге көлемінде қаржы қажет. Жылыжайда тек қияр өсіріледі. Бұған дейін шағын жылыжайында күнара 1 тоннаға дейін қияр өткізіп отырдық. Қазіргі жылыжай іске қосылған жағдайда өнім көлемі айтарлықтай артады, яғни 1,5-2 тонна қияр жинауға мүмкіндік бар. Өнім өткізу мәселесі шешілген: қаладағы «Лидер» және «Дина» сауда үйлерімен келісімшарттар жасалды,-дейді кәсіпкер.
Көктемгі дала жұмыстарымен танысу бағыттындағы өңір басшысының сапары Рубежин ауылындағы «Рубежинское», Құрманғазы ауылындағы «Дарьинка» АӨК базасында сүт өңдеу цехы, «Лихачева Е.В.» және Январцевтағы «Алтын бидай», «Заман» шаруашықтарында жалғасты.
«Рубежинское» АӨК-те 2 қойма мен қажетті техника паркі бар. Өнім көлемін өсіруге жер ауқымы қолбайлау деген шаруашылық басшылыарының мәселесіне қатысты облыс әкіміигерілмей жатқан көршілес жерлерді мемлекет меншігіне қайтарып, осынау өндірісте кеңейтуге беру керектігін айтты.
Құрманғазыдағы «Дарьинка» АӨК базасында сүт өңдеу цехын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Ауылда орналасуының өзі жобаны әлеуметтік маңызы бар нысанға айналдырып отыр. Цех іске қосылған соң ауыл экономикасына елеулі үлес қосып, жергілікті тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындары ашылмақ.
Облыс әкімі көктемгі дала жұмыстарының барысымен де танысып, шаруашылық иелері қазіргі таңда бұршақ тұқымдас дақылдарға сұраныс артқанын мәлімдеді. Өз кезегінде өңір басшысы «Кең дала» бағдарламасының ауыл еңбеккерлері үшін тиімділігі жоғары екенін айтып, бұл бағытта жанар-жағармай мен тыңайтқыштарға берілетін субсидияның да егіннің бітік шығуына зор қолдау екенін атап өтті.

Жұмыс сапары кезінде Нариман Төреғалиұлыжергілікті өнім өндірушілерге қолдау көрсету, жазғы демалыс кезінде студенттерді агроөнеркәсіптік кешеніне жұмысқа тарту және супермаркеттерде жергілікті өнімдердің үлесін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берді.
Гүлім Орда,
Бәйтерек ауданы