Бүгін Жәнібек ауданына іс-сапармен Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев келді. Алдымен ол «Ақтөбе Жарық» ЖШС асфальт шығару зауытына барып, жұмысымен танысты.
Аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов 2024 жылы іске асырылып жатқан жобалармен таныстырып, әрқайсысына жеке-жеке тоқталды.
Мәселен, Ақоба ауылына кіреберіс 0-23 шақырым жолға, Борсы ауылына кіреберіс 0-1 шақырым жолмен Тау ауылына кіреберіс 0-5 шақырым жолға асфальт төсеу жұмысы аяқтала келді.
«Жәнібек– Талов – Кіші өзен» автомобиль жолының 92-128 шақырым бөлігінің 4,5 шақырым жолына асфальт төселді. Сонымен қатар ол аудан аумағындағы автомобиль жолдарына жоспарланған жөндеу жұмысына да тоқталды. Зауыт аумағының басынан табылған Жәнібек ауданы бойынша шекара басқармасының басшысы Ерғали Аймырзаев шекара өткізу пунктіне қатысты мәселені жеткізді.
Оның айтуынша, жасалып жатқан жолдың құрылысына байланысты шекара өткізу пунктінің орны жоқ. Қызметкерлер далада қызмет атқарып жатыр. Ыңғайсыздық тудырып отыр. Ауа райы бұзылып, жаңбыр жауатын болса, тіптен қиын болады. Жолға жоқ дегенде қиыршық тас төсеуді сұрады. Өз кезегінде облыс басшысы жол құрылысын жүргізіп жатқан мердігерлерге асфальт төсеу жұмысын шекарадан бастауды тапсырды.
Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы