7.08.2024, 18:52
Оқылды: 204

БҚО әкімі жұмыс сапарымен Бөрлі ауданына келді

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев жұмыс сапарымен Бөрлі ауданына келді. Алдымен облыс басшысы Аралтал ауылында әлеуметтік осал топқа жататын үй кезегіндегі тұрғындарға арналып салынып жатқан баспаналардың құрылыс барысымен танысты.

3fe3f1fc-9e73-4bdd-b5f0-4fe24c07cee6

Жоба құрылысын «НазТур» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізіп жатыр. Құрылыс жұмыстары жылдың басында бастау алды. Жоспар бойынша жыл соңына дейін үйлердің құрылысы толықтай аяқталмақ.

- Үйлер таспен салынды. Бір үйде негізгі үш бөлме және қосымша ас үй мен жуынатын бөлмелер бар. Оның ішіне екі жатын бөлме, бір қонақ бөлме кіреді. Үйдің іші толықтай заманға сай жабдықталады. Терезелері пластиктен салынған. Көлемі 82,05 кв метрді құрайды, - дейді «НазТур» ЖШС құрылыс инженері Қайыржан Бисенғалиев.

7443b50a-b139-40c5-a516-1708989d3900

Бұл үйлерге ауылдық жерлерде тұратын, бірақ үй кезегіне кезекке тіркелген тұрғындар да көшірілетін болады. Үйлер жалдамалы тұрғын үй ретінде берілмек.

- Үйлер баспана кезегінде тұрған аудан тұрғындарына берілмек. Оның ішінде толық емес отбасылар, көпбалалы аналар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар және соғыс ардагерлеріне теңестірілген отбасылар қамтылады. Және де қаламызда үйлері апатты деп танылған отбасылар да назардан тыс қалмайды. Алдағы уақытта мұнда 88 отбасы қоныс аударады деп жоспарлап отырмыз. Бұл үйлердің қатарын көбейтеміз деген ниет бар, - дейді Бөрлі ауданының әкімі Еркебұлан Ихсанов.

c9b23ff3-5d9a-4392-ae40-2e9827b58b92

Облыс басшысы құрылыс қарқынын бәсеңдетпеуді тапсырды. Сонымен қатар сапаның да жоғары деңгейде болуы қажеттігін атап өтті.

- Үйлердің құрылыс барысы жақсы екен. Жалпы жобаның өте қажетті әрі тиімді екені көрініп тұр. Уақыт жағынан жылдамдатқан жақсы. Дегенмен басты кезекте сапаны ұмытпаған абзал. Мердігердің құрылысқа жауапкершілікпен қарайтыны байқалып тұр. Үйлердің айналасы айнадай таза екен. Құрылыстың қарқыны бәсеңдемесін. Өз құнына тұратын үйлер екені бірден байқалады, -дейді Нариман Төреғалиев.

759cd476-11e1-43c1-9590-a89626a4ba6c

Одан соң облыс әкімі Ақсай техникалық колледжі жанынан ашылған жергілікті кадрларды даярлау мақсатында ашылған оқу орталығына барды. Орталық «Дәнекерлеу ісі" бойынша ІІІ және IV санаттағы сұранысқа ие мамандықтарға жергілікті кадрларды даярлауға жұмыс жасайды. Жоба Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы мен бірлесіп жасасқан меморандумның негізінде жүзеге асты. Орталықта білім алған мамандар КПО компаниясына мердігер болатын кәсіпорындарда жұмысқа тартылатын болады. Ақсай техникалық колледжіне қойылған құрал-жабдықтар 240 млн және арнайы киім 24 млн теңгені құрайды.

Жобаның негізінде соңғы үлгіде жабдықталған дәнекерлеуге арналған кабиналар орнатылған. Бұл жерде кәсіби дәнекерлеуші мамандар студенттерге дәнекерлеу ісінің қыр-сырын практика жүзінде көрсетуге мүмкіндік алды.

7b2e53c1-97c1-4bd5-9e19-af58324c4f7b

- Техникалық мамандықты алған студенттер өз саласын аса жоғары деңгейде меңгеруі қажет. Осы тұрғыда орталық үлкен қызмет жасайды. Ең алдымен сабақ беретін ұстаздардың мына мықты аппаратураларды еркін меңгергені маңызды. Сол себепті маманның кәсібилігін алдыңғы орынға шығару керек, - деді БҚО әкімі Нариман Төреғалиев. Іс-сапар барысында колледж директоры облыс басшысына жатақхана қажеттігін айтты. Облыс әкімі бұл ұсынысты жерде қалдырмайтынын жеткізді.

Облыс басшысы Нариман Төреғалиев аудандық мәдениет үйінде халықпен кездеседі. Кездесуден соң жеке қабылдау ұйымдастырылмақ.

Мейрамбек Сыдықов,

Бөрлі ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале