Кеше Теректі ауданы Ақсоғым ауылдық округіне қарасты Үлкен Еңбек ауылында медициналық пункт ашылған еді. Облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов қуанышты бөлісіп, ауылдағы ағайынды құттықтауға келді.
Газетке ықыласы ерекше екені анық байқалды. Қолымыздағы аудандық «Теректі жаңалығы» қоғамдық-саяси газетін парақтап, танымдық, ақпараттық мақалаларға һәм өзекті мәселелерге үңілді.
Жоғары баға берген Бақытжан Хаберұлы редакция жұмысына сәттілік тіледі. Жазылым науқанында ғана емес әрдайым газетпен бірге болуды көздеу – басшыға да, қараша халыққа да ортақ парыз.
Ақтілек Әлібекұлы
Теректі ауданы