18.10.2024, 15:15
Оқылды: 149

Ақжайықта әжелер ансамбльдері арасында фестиваль өтті

Ақжайық адандық мәдени-демалыс орталығында әжелер ансамбльдері арасындағы фестиваль өтті.

788ad947-a6aa-47b1-99ab-5c9b0258246e

Ауылдық округтерден жиналған әжелер бірінші нөмірінде халық әнін әуелетсе, одан соң қазақ сазгерлерінің сағынышқа айналған әндерін көрерменге тарту етті.

Атап айтқанда, Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов, Ескендір Хасанғалиев әндерінен бастап, жергілікті сазгерлеріміздің әндерімен сахнаны жаңғыртты.

«Інжу-Маржан» (Алмалы), «Нұрбибі» (Ақсуат), «Атамекен» (Атамекен), «Жайдарман», «Мейірім» (Бударин), «Ақниет» (Базартөбе), «Шалқыма» (Базаршолан), «Асыл әжелер» (Жайық), «Назқоңыр» (Қарауылтөбе), «Ақтілек» (Тайпақ), «Ару ана» (Мерген), «Нұрлы айым» (Ақжол), «Ақтілеу» (Жаңабұлақ) – ақ жаулықты әжелерден құралған осы ансамбльдердің өнері күннің шырайын келтірді.

a17ea297-d96b-4f89-b94a-de52f665d12c

Айта кету керек, ауданның әр ауылындағы мәдени нысандардың жанынан құрылған әжелер ансамбльдерінің арасында өнер байқауларында аудан, облыс намысын қорғаған әжелерімізбен қатар жаңадан құрылғандары да бар.

Десе де, олардың әрқайсысының ұлттық өнер, дәстүрді сақтап қалуда үлесі салмақты. Осыны қазылар алқасының төрағасы, Қазақстан күйшілер Одағының мүшесі Халел Сапаров атап өтіп, әжелерге алғысын арнады.

Ол өнер ұжымдарының ешқайсысын бөліп-жармай, барлығына да бірдей марапат, ақшалай сыйлық табыстады.

Әсем Орынғали

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале