Бөкей орда ауданы, Хан Ордасы ауылында БҚО аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділ Жоламанов және сол комиссияның мүшесі Асыланбек Ғұбашев ауыл белсенділерімен кездесті.

Аталмыш жиынға аудан әкімінің орынбасары Кенесары Нұршинов пен аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Бекбол Жұмабекұлы қатысты. Әділ Жоламанов кездесудің басты мақсаты халықпен кездесіп, пікірін білу, сайлаудың әділ өтетініне кепіл беру екенін жеткізді.

Өз кезегінде ауыл ақсақалдары Ахметкерей Салауатов пен Майдан Батыровтар Орда ауылдық округіне әкім болу екінің бірінің қолынан келмейді деген ойларымен бөлісті. Ауыл белсенділері Орда әкімдері қонақ күтуді қойып, округ мәселесімен айналысуды ұсынды.

Отырыс сайлауалды пікірсайыспен жалғасты. Аталмыш шара барысында Орда ауылдық округі әкіміне үміткерлер белгіленген уақытта сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, бір- біріне сұрақ қойып, көрермендердің сұрақтарына жауап берді.
Пікірсайысқа Медет Қаресов пен Ғайса Махимов қатысса, үшінші үміткер Нүркен Топасовтың отбасылық жағдайына байланысты аталмыш шараға қатыса алмағандығы көрермен қаперіне берілді.
Еркебұлан Рахметолла,
Бөкей ордасы ауданы