23.03.2025, 21:15
Оқылды: 71

БҚО бойынша экономикалық тергеу департаментінің өкілдері Бәйтерек ауданы тұрғындарымен кездесті

БҚО бойынша экономикалық тергеу департаментінің өкілдері «Заң және тәртіп» жобасы аясында Бәйтерек ауданы тұрғындарымен кездесіп, қаржы пирамидасына қарсы түсінік жұмыстарын жүргізді.

IMG-20250323-WA0012

Қаржы пирамидалары – жылдам әрі оңай табысқа кенелумен алдайтын, алайда нақты экономикалық негізі жоқ заңсыз схемалар. Соңғы жылдары елімізде қаржылық пирамидалардың көбеюі мен оған тартылған азаматтар санының артуы алаңдатарлық жағдайға айналып отырғанын айтады мамандар. Бұл мәселе халықтың қаржылық сауаттылығы деңгейі әлі де болса төмен екенін   және жеңіл жолмен байып кетемін деген түсінік барын көрсетеді.

БҚО бойынша экономикалық тергеу департаментінің бас маманы Рада Аманғалиева өз баяндамасында қаржы пирамидаларының танымал болуы себептерін, негізгі белгілерін, оның жұмыс механизмін, салдары мен оған қарсы іс-шараларды нақты мысалдармен атап өтті.

- Нақты мысал келтірсек, 2023-2024 жылдары азаматша Қарасаева «Чиатай» қаржы пирамидасын ұйымдастырып, тағамдық қоспалар мен дәрілік заттарды өндіруге инвестиция тартамыз деген желеумен азаматтардан қаражат жинаған. Нәтижесінде, 185 адам зардап шегіп, жалпы сомасы 211 миллион теңге көлемінде шығын келген. Қарасаеваға қарсы іс қозғалып, оған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды,-деді Рада Хайырболатқызы.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі мен құқық қорғау органдары қаржылық пирамидалардың қызметін анықтап, жолын кесуде  бірқатар шараларды іске асыруда. Қаржылық сауаттылықты арттыру  жұмыстары мен профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылуда. Қаржылық пирамидалардың қызметі туралы ақпарат агенттіктің ресми сайтында жарияланады, тelegram платформасында іске қосылған "Baiqa, piramida" боты арқылы кез келген ұйымның қаржылық пирамидаға қатысы бар-жоғын тексеруге мүмкіндік жасалған.  Қаржылық пирамида ұйымдастыру фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалып, кінәлілер заң алдында жауапқа тартылуда.

Гүлжаз Баделова,

Бәйтерек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале