Сырым ауданының 70 жастағы тұрғыны Нұрлан Жұмағалиев - еліміздегі сайлау науқандарына алғашқы болып аяқтай келетін ақсақалдың бірі.
Бүгін науқанда да әдеттегіше азаматтық таңдауын жасады. Таңмен таласып сағат 5:55-те сайлау учаскесіне келіп алды.
- Еліміздің болашағы үшін, ұрпағымыздың болашағы үшін таңдауымызды жасауымыз керек. Бәріміздің даусымыз маңызды,- дейді Нұрлан Ізгілікұлы.
№291 сайлау учаскесінің комиссия төрағасы Марат Ақбасов алғашқы сайлаушыға сыйлық табыс етті.
А.Амангелдина,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz