5.09.2018, 18:38
Оқылды: 227

БҚО-да Ғұмар Қарашқа арналған кесене бой көтерді

Жәнібек өңірі  болашақ ұрпаққа мол қазына қалдырған кемеңгер тұлғаларға кенде болмаған. Солардың бірі  ̶  ақын, ойшыл, философ, журналист жерлесіміз Ғұмар Қараш.

IMG_0148

          Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында  Ғұмар бабамыздың рухына арнап кесене салу қолға алынған болатын. Енді міне, бүгінде ғұламаның туған жері Борсы ауылында жаңа нысан бой көтерді.

         Кесенің ашылу рәсіміне облыстық мәслихат хатшысы М.Құлшар, облыстық  мәдениет басқармасының басшысы, облыстық «Рухани қазына» кіші бағдарламасының жетекшісі Қ.Мұсағалиев, БҚИТУ доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, ғұмартанушы Б.Боранбаева, «Егемен Қазақстан» газетінің  БҚО-дағы меншікті тілшісі Қ.Құттымұратұлы, БҚО тарихи-өлкетану музейінің директоры М.Ерсаев, облыстық  «Рухани қазына» кіші бағдарламасының өкілі  Г.Задашқызы арнайы келді.

         Жәнібек аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Есенболатқажы Абдуғалиев бабаға арнап құран оқығаннан кейін кесененің ақ шымылдығын аудан әкімі Азамат Сафималиев пен облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар ашты.

         Алғаш сөз алған аудан әкімі Азамат Сафималиев жиналған қауымды  құттықтап, аудан төңірегінде бағдарлама аясында атқарылып жатқан игі бастамаларды баса айтып, кесененің бой көтеруіне мұрындық болған ел жанашырларына алғысын жеткізіп, М.Құлшар, Қ.Құттымұратұлы, Б.Боранбаева, А.Батырхановқа алғысхат табыстады. Құрметті қонақтар Мәлік Құлшар, Қадырболат Мұсағалиев,Бақтылы Боранбаева, Қазыбек Құттымұратұлы  да өз кезегінде ізгі тілектерін айтып өтті. Ал «Ғұмар Қараш атындағы қордың» төрағасы Ахмедияр Батырханов құрылыс жұмыстарына атсалысқан бір топ азаматқа ризашылығын білдіріп, оларды алғысхаттармен марапаттады.

         Кесене маңында бой көтерген ақшаңқай киіз үйлерде жиналған жұртшылыққа  ас берілді.

Ә.Қуанғалиева,

Жәнібек ауданы

IMG_0019 IMG_0024 IMG_0036 IMG_0053

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале