Бөкей ордасы ауданының үш тұрғынына қатысты сот қаулысы шықты.
Олар сәуірде сегіз қапшыққа салынған 805 дана киік мүйізімен қолға түскен болатын. 2020 жылдың күзінен оңай олжа табуды ниет еткен үшеу киік мүйізін жинаумен айналысқан. Ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатыстылығы, сыбайластары, мүйізді өткізетін орындар анықталып, қылмыстық іс қозғалған еді. Үш айға созылған қылмыстық іске нүкте қойылды. Аудандық соттың 2021 жылғы 28 шілдедегі қаулысымен ҚР Қылмыстық кодексінің 339 бабы 3-бөлігі 2-тармағына сәйкес үш браконьер жеті және жеті жыл алты айға бас бостандықтарынан айырылды.
Бұдан бөлек келтірген шығындары үшін 1 761 138 750 теңге төлемек. Сот үкімі он бес күннен кейін күшіне енбек.
Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz