31.08.2017, 13:10
Оқылды: 51

БҚО-да Конституция күні кеңінен аталып өтілді

Amfiteatr  Облыс орталығында және аудандарда Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мерекелік шаралар өтті.

Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында өткен концертке қала тұрғындары көп жиналды. Мерекелік шараға Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев келіп, жиылған жұртшылықты мерекемен құттықтады.

         Қаратөбе ауданында Конституция күніне арналған салтанатты жиын және велошеру өтті. Ата Заңымызды ұлықтауға арналған спорттық шараға аудан әкімі Жанат Асантаев бастаған бір топ лауазымды тұлғалар, мекеме қызметкерлері, жастар белсенділері, мектеп оқушылары қатысып, ауыл көшелерін аралап өтті.

        Ал Жаңақала аудандық мәдени демалыс орталығында өткен салтанатты шарада еліміздің Әнұраны орындалды. Жаңақала ауданының әкімі Наурызбай Қарағойшин Конституция Тәуелсіздігіміздің ажырамас бөлігі және елдегі қоғамдық-саяси жүйенің негізі, қоғамымыздағы тұрақтылықтың кепілі екендігін айтып өтті.

Kaztalovka Akpater fudbol alani    Теректі ауданы орталығындағы шарада аудан әкімі Кәрім Жақыпов қатысып, құттықтау сөз сөйлегеннен кейін, аудандағы көп балалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа»  табыс етілді.

   Мерекеге орай Қазталов ауданына қарасты Талдықұдық және Ақпәтер ауылдық округтерінде жасанды жамылғы төселген футбол алаңдары ашылды. Оған аудан әкімі Абат Шыныбеков, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсия Аманбаева және мекеме-кәсіпорын басшылары, ауыл тұрғындары қатысты.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале