1.06.2017, 10:57
Оқылды: 48

БҚО-да тағы бір қайырымдылық дүкені ашылады

Akjayik kayirimdilik sharasi    Барлық үйде де бұрын киіліп, уақыт өте келе сыймай қалған, ескі болса да әлі киюге жарайтын немесе тіпті ұмытылып қалып, текке жатқан киім-кешек табылатыны аян.

      Ақжайық ауданында осыған дейін жұртшылықпен бір жүздесуде жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Әлия Шәрапиева Чапаев ауылында қайырымдылық дүкенін ашу жөніндегі ойымен бөліскен болатын. Міне, соған байланысты қам-қарекет қолға алынды. Бұрынғы баспахана ғимаратында орналасқан «Жарқын Пласт» жеке кәсіпорын иесі Талғат Қайырғалиев осы дүкен үшін арнайы орын берді. Ал балалар шығармашылық орталығындағы «Қолөнер» үйірмесінің жетекшісі Досжан Бижанов бұл «Шапағат» дүкеніне қажетті сөрелерді жасауды қолға алды. Демек, дүкен ашылатын күн алыс емес.


     Мұндай жаңалықты естіген ауыл тұрғындары киім-кешектің алғашқы легін тапсырып та үлгерді. Әрине, бұларды табысы аз отбасылардың мүшелері тегін алуына әбден болады. Әзірге мұндай дүниелер Чапаев ауылы, Ихсанов көшесі, №18 ғимаратта орналасқан Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталыққа жиналуда.

Бекболат ҚАЛЕНОВ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале