Респубика күні қарсаңында Шыңғырлау ауданындағы Кенжебаевтар отбасында үшем дүние есігін ашқан болатын. Әділбек Нұрмұханов пен Жанна Кенжебаева Жұлдыз, Айым және Аңсаған есімін иеленген үш қыздың ата-анасы атанды.
Шаңыраққа шаттық алып келген отбасын құттықтауға барған аудандық АХАТ бөлімінің басшысы Әлия Имашева мен бас маманы Гүлжанат Жұмағазиева сәбилердің алғашқы құжаттары — туу туралы куәліктерін табыс етіп, сый-сияпат жасады.
Жанұяда бұған дейін де 4 ұл тәрбиелеп отырған олар енді бірден жеті баланың әке-шешесі атанып отыр.
Отбасы демографиясын көтеріп және үлкен мереке қарсаңында қуанышқа кенеліп отырған жанұя иелері шақалақтарға қарап, шат-шадымен күйде.
Гүлшат Ботанова,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz