29.01.2018, 12:04
Оқылды: 96

БҚО-ның ең шалғай аудандарында шағын әуежай салынады

Бұл туралы Жәнібек ауданына келген БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Қазбек Меңеев айтты.

- Алдағы уақытта Бөкей Орда, Жәнібек, Қазталов аудандарының орталығында шағын әуежайлар салынып, тығыз-таяң жолаушылар үшін  Орал қаласымен екі ортаға ұшақ қатынасымен баруға мүмкіндік туады, - деді ол. Еске сала кетсек, бұл мәселе он шақты жылдан бері айтылып, шешімін таппай келеді.

Қазбек Меңеевтің айтуынша, Жәнібек пен Орал қаласын байланыстыратын күре жолға асфальт төсеу жұмыстары жалғасады. Сонымен қатар Өнеге елді мекеніне дейін асфальт жол салудың жобалық-сметалық құжаты биыл жасалмақ. Ал таяудағы 4-5 жылдың төңірегінде асфальттау жұмыстарының толық  аяқталауы жоспарлануда.

 

                                                                                           Н.Өтей

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале