3.06.2025, 11:00
Оқылды: 438

Бөдене жұмыртқасына сұраныс бар

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Теректі ауданы, Ақжайық ауылдық округіндегі «Утегалиев» жеке кәсіпкерлігінің жұмысымен де танысты. Шаруашылық  2024 жылы құрылған. Құс шаруашылығының несие сомасы - 8,6 млн. теңгені құрайды. Бір адамды жұмыспен қамтып отыр. 

image-03-06-25-09-31-1 (1)

«Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында құс шаруашлығына 8,6 млн. теңге несие алып, несие қаражатына дана инкубатор,тоназытқыш, орталықтандырылған желдеткіш құрылғысы,  3000 дана бөдене құсы мен шаруашылыққа қатысты басқада құрал-жабдықтар сатып алған.

image-03-06-25-09-31-3 (1)

"Бөденелер өсіп күніне 500 дана жұмыртқа береді. Бір данасы 40 теңгеден сатылады. Күн сайын 20 000 теңге көлемінде қаражат түседі, оның 6000 теңге қаражаты құстардың азығына кетеді. Таза түсім 14 000 теңгені құрайды. Түскен қаражатқа өз ауласында орналасқан ғимаратты бөдене шаруашылығына бейімдеп жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бөдене жұмыртқалары Орал қаласындағы "Алтын алма" базары және дәмханаларға өткізіледі", - дейді «Утегалиев» жеке кәсіпкерлігінің мүшесі Жанаргүл Ибатова.

Темірболат Тоқмамбетов,

Теректі ауданы

image-03-06-25-09-31-2

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале