6.04.2022, 17:25
Оқылды: 45

Бөгеттегі суды сақтап қалды

Өткен жылы Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округіне қарасты Калинин ауылы бағытында бағылатын малды суару үшін ауыл шетінде қосымша бөгет салынған-ды. «Асфа» ЖШС мен ауылдық округ әкімдігі жасаған бөгет бір жыл бойы қалтқысыз қызмет етті.

IMG_3105
Соның арқасында бұрындары ауыл ішіне кіріп, көшені бойлай барып, арнайы орыннан суарылатын мал азайып, көшелер де тазарып қалды.
Жуырда еріген қар суы аталған бөгетті бұзып өтті. Соның кесірінен өткен жылы кеңейтілген бөгеттегі суды жоғалтып алу қаупі төнді.

водопой (2)
Бірақ дер кезінде шешім қабылдап, су бұзған орынды арнайы құм салынған қапшықпен бітеген Переметный ауылдық округінің әкімдігі бөгеттегі суды сақтап қалды.
-Ауыл болған соң, тұрғындар мал ұстайды. Осы кезге дейін оны суару жайы қиындық туғызып келген-ді. Былтыр аталған мәселені шешіп едік. Тасқын кесірінен жинаған суымыздан айырылып қала жаздадық. Мал суару орындағы тіршілік көзін сақтап қалуға қол ұшын берген барша азаматтарға алғысымыз шексіз, - дейді Переметный ауылдық округі әкімінің орынбасары Мирасбек Төрешев.
Енді мал суару орны қайта суға толуда. Әкімдік болашақта бөгетті тереңдетуді көздеп отыр.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале