Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің және «Орда» спорт клубының ұйымдастыруымен 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңіс мерекесінің 78 жылдығына арналған дала қызықтары өтті.
Салтанатты жиын аудан басшысы Нұрлыбек Даумовтың құттықтау сөздерімен басталып, аудан және аудан қонақтарының қатысуымен өткен ат бәйгесімен жалғасты.
Аталған спорт түрінің қорытындысында:
12 шабандоз қатысқан тай жарысында І орын Тайұстар Мұратов (Бисен ауылы, ат бапкері Еркебұлан Еділбаев) алса, ІІ орын да бисендік шабандоз Нұр Ғиниятқа (ат бапкері Амантай Құспанов) бұйырды. Ал ІІІ орынды мұратсайлық
Ералы Орынғалиев иеленді. Ат бапкері - Азат Есекешев.
Аламан бәйгеге 16 шабандоз қатысып,
сайқындық Айбек Қарағойшин межеге бірінші боп жетті. Бәйге алған аттың бапкері Алмабек Сағынғалиев.
Үштікті қос бисендік шабандоз Нұрдаулет Жексенбаев пен
Дәулет Тілебалиев (ат бапкері Құрман Нығметов) түйіндеді.
Ал Топ бәйгеге 8 шабандоз қатысты.
Бұл бәйгеде сайқындықтардың бағы жанды. Әлішер Нұрболат (ат бапкері Ернұр Есімов) бірінші,
Жалғас Унаталиев (ат бапкері Жасұлан Хайрошев) екінші боп келді.
Үштікті бисендік Нұр Ғиният (ат бапкері Амантай Құспанов) түйіндеді.
Дала қызықтары арқан тартыс, қол күресі және қазақша күрес спорт түрлерінен өткен сайыстарымен жалғасты.
Арқан тартыста
Сайқын құрама командасы І, орын
Жастар құрама командасы ІІ орын, Жиекқұм құрама командасы
ІІІ орын иеленді.
Қазақ күресінде
І орын Баймырза Меңдешовке бұйырса;
Мерген Задоров пен
Нұралы Әбілкәрім екінші, үшінші орындарды иеленді. Қол күресінде
Сағынбек Атаев білек күшінің бәрінен де басым екенін көрсетсе,
ІІ орынды Баймырза Меңдешов,
ІІІ орын Қуанғай Жанғуатұлы иеленді.
Еркебұлан Бисенғалиев,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz