3.12.2025, 23:54
Оқылды: 26

Бөкей еліне Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық халық аспаптары оркестрі келді

Бүгін Бөкей ордасы ауданына отандық музыка тарихында аты аңызға айналған Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық халық аспаптары оркестрі келді. Аудан басшылары бастап, қонақтарды ауыл сыртынан ақ ұсынып, қарсылап алды.

IMG-20251203-WA0171

Жерлесіміз асылдың сынығы, тектінің тұяғы Шамғон Қажғалиевтің ұлы Нарын Шамғонұлына аудан әкімі тұлпарын мінгізіп, ата жұртының атынан құрмет көрсетті.

IMG-20251203-WA0177
Кейін аудандық мәдени-демалыс орталығында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің концерті өтті.

IMG-20251203-WA0146
Музыкалық кеш шымылдығы Түркештің «Көңіл ашарымен» түрілді.

IMG-20251203-WA0132

IMG-20251203-WA0158

Одан кейін кезекпен орындалған «Қоңырала», «Байжұма», «Көроғұлы», «Саржайлау», «Адай», «Махамбет» күйлері көрермен жүрегін тебірентіп, құлақ құрышын қандырды.

IMG-20251203-WA0111
Кеш барысында оркестр тек күймен шектелген жоқ. Әрі актер, әрі әнші Асхат Үрпеков орындаған Н.Тілендиевтің «Нурикамалы» мен Е.Хасанғалиевтің «Әдемі-ауы», Нұрғалым Аманбай шырқаған «Жан сәулесі» мен «Влюбленный солдат» әндері кәсіби шеберліктің мықтылығын көрсетті.

IMG-20251203-WA0121

IMG-20251203-WA0149
Концерт соңында аудан әкімі Нұрлыбек Даумов оркестрдің директоры Медет Қуанышев пен дирижерлер Абылай Тілепберген, Жексен Айсындардың иығына шапан жауып, қазақы қонақжайлылық танытты.

IMG-20251203-WA0118

IMG-20251203-WA0156

IMG-20251203-WA0154
Ұлпан Әнуарқызы

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале