9.04.2025, 12:45
Оқылды: 342

Бөкей орда ауданы: Округ әкімін сайлау күні белгілі болды

Ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бекбол Жұмабекұлының төрағалығымен Бөкей ордасы ауданы Саралжын ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша жиын өтті.

IMG-20250409-WA0031

-«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14- бабының 8-1) тармақшасына және 113-1-бабының 1- тармағының 1) тармақшасына сәйкес Саралжын ауылдық округі әкімінің сайлауы күнін ағымдағы жылдың 18 мамырына тағайындауды ұсынамын.
Сонымен қатар, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарының және сайлау жөнінде сайлау округін құру жобалары жасақталды. Осы құжаттарды өзара талқылап, бекітуіміз қажет. Ұсынылған жоспар-жобалар бекітілген жағдайда, аудандық сайлау комиссиясының мүшесі ретінде бәріміз де сайлау науқанын өткізуге қатысты жоспарлы шаралардың орындалуын, қамтамасыз ету бағытында жұмыстануға және тиісті іс-құжаттарды уақытылы жасақтап, белгіленген мерзімге уәкілетті органдарға жолдауға тиіспіз, - деді комиссия төрағасы.
Талқылау барысында комиссия мүшелері ұсыныстарды толықтай қолдап, жоғарыда айтылғандай Саралжын ауылдық округі әкімінің сайлау күні ағымдағы жылдың 18 мамырына жоспарланды.

Темхар Рахметолла,

Бөкей орда ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале