29.04.2025, 17:30
Оқылды: 446

Бөкей орда ауданында жас домбырашылардың  күй додасы өтті

"AMANAT" партиясының "Ұлттық мұра" партиялық жобасы аясында, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы және Қазақстанның Халық Қаһарманы, ұлы сазгер Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай "AMANAT" партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалы мен Бөкей ордасы аудандық балалар музыка мектебінің ұйымдастыруымен, аудандық білім беру бөлімінің қолдауымен аудандық күйшілер байқауы өтті.

IMG-20250429-WA0037

Байқауға кіші, орта және жоғары топтағы жас домбырашылар қатысып, ұлттық өнерімізді ұлықтауға үлес қосты. Құрамында "AMANAT" партиясы  аудандық филиалының төрағасы Жалғас Ташуов,  аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Нұржан Сариев,  аудандық балалар музыка мектебінің директоры Айзада Тілепова, жастар ресурстық орталығының маманы Әділет Абдиров, балалар музыка мектебі директорының орынбасары Жасмина Бисембаевалар бар қазылар алқасы өнер сайысына төрелік етті.

IMG-20250429-WA0033

Байқауға қатысушылар ереже бойынша  екі жанрда өнер көрсетті. Жарыс нәтижесінде кіші топтар арасында Алмади Меңдіқұлов
І орын,   Темірхан Шапих ІІ орын,  Азиза Жігерова мен  Хиуаз Бекболат ІІІ орын  иеленді.

IMG-20250429-WA0042

Орта  топтар  арасында Самина Абуова топ жарса, Ербол Сертеков ІІ орын алып, Қайсар, Амангелдиев,  Рафхат  Сансызбай, Жалғасбек Сүйінжанов пен Бақытжан Серіктер ІІІ орынға лайық танылды. Жоғары топтар  арасында Әлімжан Сабыржанұлы І орын алып, Әлихан Шапиғолла ІІ орын иеленді.

Анар Артықбай,

Бөкей ордасы ауданы

IMG-20250429-WA0041

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале