10.06.2020, 11:08
Оқылды: 25

Бөкей ордада АЕК-ке 287 өтініш түсіп, 144-іне тағайындалды

   Жаман індетке байланысты елді төтенше жағдай жарияланғанымен жұмыс тоқтамады, түрлі төлемдерге өтініш қабылданып, тиістілеріне тағайындалды. Айталық, карантинге байланысты өтініштер e-gov электронды порталы арқылы да қабылданған. Мәселен, Бөкей ордасы ауданы бойынша атаулы әлеуметтік көмекке (АӘК) 287 өтініш түскен. Оның 12-сі электрондық нұсқада жолданған. 144-іне атаулы көмек тиесілі деп танылды.

AEC 2

– Күні бүгінге дейін Сайқын ауылдық округі бойынша АӘК-ке 90 өтініш қабылданып, 49 отбасыға көмек тағайындалды. Тағайындалғандардың өзі екі түрлі санатқа бөлінеді, отбасында еңбекке қабілетті азамат болмаса, онда олар шартсыздардың санатына енеді. Сайқындағы  8 отбасы осы санатқа жатқызылады.  Екінші санат – ол шартты. Демек, үйінде еңбекке қабілетті жанмен шарт жасасып, ол осы жәрдемақыны алуы үшін аудандық жұмыспен қамту орталығы ұсынған қай жұмысқа да баруы тиіс. Бұл санатқа біздің округтен 41 өтініш білдіруші отбасы жатқызылды. Шарт бойынша азаматтар жұмыстан бас тартуға құқығы жоқ. Алайда індеттен қорқып, балаларыма жұғуы мүмкін деп, өздері қол қойған келісімшартқа қарамастан жұмыстан бас тартқандар да бар. Оларды біз қыстамадық.

AEC

Реті келген соң айта кетейін, жыл басынан 18 сайқындық округтің абаттандыру жұмысына тартылып, 9 тұрғынымыз тұрақты жұмысқа орналастырылды, – дейді Сайқын ауылдық округінің ассистенті Мадина Еркеғалиева.

Раушан Аппақова

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

 Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале