13.03.2025, 16:45
Оқылды: 335

Бөкей ордада батагөйлер байқауы өтті

Аудандық ардагерлер кеңесінің бастамасымен, аудандық ішкі саясат және аудандық мәдени демалыс орталығының бөлімінің қолдауымен батагөйлер байқауы өтті.

IMG_20250313_152728_671

Соңғы жылдары дәстүрлі түрде ұйымдастырылып жүрген бұл байқау өз нәтижесін көрсете бастады. Аудандық кезеңнің жеңімпаздары облыстық аламанға қатысып, жүлделі орындардан көріне білді. Уақыт өте аудан ақсақалдары да бата беруге, жеті ата шежіресін таратып, топ алдында  сөз бастауға кәдімгідей төселіп қапты.

IMG_20250313_152728_451
Байқаудың беташар сөзін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеген Арыстанбеков құттықтау сөзін айтып, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.

IMG_20250313_152728_849
Биылғы байқауға ауылдық округтерден тоғыз ақсақалымыз қатысуға ниет білдіріпті. Батагөйлеріміз бұл байқауда өзін таныстырып, өмірдің түрлі жағдайларында бата беріп, ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлерден оқыған- білгендерін сынға салды.
Байқау нәтижесінде сайқынық  Жасқайрат Сұлтанғалиев  ІІІ орын, ұялылық Сайлау Мұхтаров ІІ орын иеленді. Бөрлілік Сейітқали Қуанышев байқау жеңімпазы боп танылды.

IMG_20250313_162459_101
Байқауды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Кенесары Нұршинов:
- Атадан өсиет қалмаса, жастарда қасиет болмайды. Өскелең ұрпаққа сөзімен де, ісімен де өнеге бола білудің өзі бір бақыт. Жарасты ғұмыр кеше береңіздер, - деп қатысушыларға игі тілегін білдірді.

IMG_20250313_162458_930 IMG_20250313_162458_313

Жеңімпаздарға грамотамен бірге ақшалай сертификаттар табысталды.
Баталы кешті ауданымыздың өнерпаздары әуезді әнімен әрлесе, балғын бишілеріміз әдемі билерімен айшықтады.

Анар Артықбай,
Суретке түсірген Жарқынай Салимова

Бөкей орда ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале