Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылғанына биыл 36 жыл толып отыр. Бұл күн бар ғұмырын еркіндік үшін күреске арнаған боздақтардың жанкешті еңбегін еске алып, ерен ерлігін ұлықтайтын қастерлі күн.
Осыған орай, бүгін Сайқын ауылындағы «Қару аманаты» саябағында жат жерде өздерінің интернационалистік парыздарын орындаған және ерлікпен қаза тапқан ауған соғысының батырларын ұлықтау шарасы өтті.
Шара барысында қанды қырғында жан қиған жерлестерімізді бір сәт үнсіздікпен еске алып, аудан әкімі Нұрлыбек Даумов пен Ауған соғысының ардагерлері, Жәнібек ауданы бойынша шекара басқармасының бастығы Ерғали Аймұрзаев, Жәнібек ауданының әкімі Тимур Шиниязов, аудандық мәслихаттың төрағасы Лариса Қайырғалиева, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеген Арыстанбеков т.б ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Нұрай Таубай,
Бөкей орда ауданы