17.10.2023, 14:45
Оқылды: 35

Бөкей ордасы ауданы: 120 шақырымға жол төселді

Облыс басшысы Нариман Төреғалиев Бөкей ордасы ауданына келген жұмыс сапары аясында жол құрылысына жауапты мердігерлермен кездесіп, жол мәселесін де бір пысықтап өтті.

IMG20231016153459

- Көптің көкейінде жүрген көп сұрақтың бірі де осы жолға қатысты. Ел президенті Қ.Тоқаевтан бастап, маңызды құрылыстың қарқынына алаңдаулы. Әзірше ауа райы да бірқалыпты боп, бізге қарасып тұр. Осы сәтті пайдаланып жұмыстың қарқынын арттыруымыз керек. Қажет десеңіздер жұмыс күшін де еселеуге дайынбыз, - деді ол мердігерлермен кездесуде.

Бисен- Сайқын жолы-2

БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында:

- Биыл жол құрылысына жауапты жігіттеріміз ауқымды жұмыс тындырды. Бұған ұйымдастыру жұмысының оңтайлы  жүзеге асқаны арқасында қол жеткізіп отырмыз. Үкімет-әкімдік-мердігер үштігінің ықпалдасып жұмыс істеуінің нәтижесі деп білемін. Жол құрылысына жауапты Ерлан Махамбетов сияқты маманымыз алты ай жаз осында қона жатып жұмыс жасады. Бұған дейін бір жылда тек 30-35 шақырыммен ғана шектелетін еді. Биыл 120 шақырымға жол төселді. Астыңғы қабат болса да жол сапасы біркелкі жеңілдеді. Осы кезге дейін сегіз сағаттап жүріп келсек, жол екі сағатқа болса да қысқарғанына өздеріңіз де куәсіз, - деді облыс әкімі.

Ұлпан Жакина,
Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале