Бөкей ордасы ауданы басшысы Нұрлыбек Даумов бірқатар мемлекеттік мекемелерге және аудандық ішкі істер бөліміне автомобиль табыстады.
«Бастапқы мақсат – ауданымыздың тұрғындарына сапалы қызмет көрсету. Ауданымыз шағын болса да ауылдарымыз бір- бірінен шағын орналасқаны анық. Оған қарамастан әр бөкейлік сапалы қызмет алу тиіс. Осы мақсаттарымызды жүзеге асыру жолында бірқатар мекемелерге жол таңдамайтын автомобиль көліктерін табыстаудамыз. Барша мекемелер өз міндеттерін белсенді және сапалы атқарады деген ойдамын», - деді аудан басшысы.
Өз кезектерінде олжалы болған мекеме басшылары аудан басшылығына алғысын білдірді.
Темхар Рахметолла
Суретке түсірген Жарқынай Салимова